Футбол

Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол федерациясын сынға алды

Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол федерациясын сынға алды

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Қазақстан футбол чемпионаттарындағы легионерлер лимитін жою туралы шешімге пікір айтты.

"Депутаттар мен Спорт және туризм министрлігі легионерлердің лимитін жойып, бюджеттен бөлінетін ақшаны да қысқартуды ұсынып отырғанда Қазақстан футбол федерациясының осы шешімі маған мүлде түсініксіз.

Біз сырт ауылдарға, қалаларға жиі шығып тұрамыз. Халықтың қалай өмір сүріп жатқанын көріп отырмыз. Оның үстіне ұлттық құрама ойыншыларының көбі отыздан асқан. Жастарға орын беру туралы қандай әңгіме болуы мүмкін, егер де біздің жас футболшылар тіпті тәжірибе жинай алмаса. Біз лимитті бұрынғы қалпына келтіруді талап етеміз", – деді депутат.

Футбол федерациясы өкілдерінің ойынша, легионерлердің лимитін жою алаңдағы бәсекелестік деңгейін және ойын сапасын көтереді. Кәсіпқой клубтарды заңсыздықтардан, алаяқ агенттерден қорғайды. Спорт комментаторы Сергей Райлянның айтуынша, шетелдіктерге қатысты дәл осы шешім қабылданғалы футболшылар елеулі жетістікке жете бастады.

Басқа спорттық жаңалықтар