Футбол

«Манчестер Сити» қорғаушысын әйелі үйінен қуып жіберді

«Манчестер Сити» қорғаушысын әйелі үйінен қуып жіберді

Англияның «Манчестер Сити» клубында ойнайтын Кайл Уокерді әйелі көзіне шөп салғаны үшін үйінен қуып жіберген.

Танымал футболшының әйелі Энни Килнер 33 жастағы Уокермен ажырасып жатқанын мәлімдеген. Екеуі 5 айдан бері бірге тұрмайды екен.

Ерлі-зайыптылар бірнеше рет жұрт алдында жанжалдасқан. Оған себеп – футболшының өзге әйелден баласы болған. Лорин Гудман есімді модель 2019 жылы Кайлға қыз туып берген көрінеді.

«Уокердің бірінші некеден үш баласы бар. Тағы бір баласы модель Лорин Гудманнан. Екеуінің арасында болған махаббат нәтижесінде 2019 жылы дүниеге қыз бала келді.

Лорин қызының әкесі туралы ұзақ уақыт тіс жармай келгенімен, кейін ол туралы айта бастады. Ол тіпті, тұңғыш ұлы да Кайлдан екенін жасырмай айта бастаған. Осыдан кейін модель мен Кайлдың әйелі жиі жанжалдасып жүрді», - деп жазады Daily Mail.

Басқа спорттық жаңалықтар