Теннис

Александр Недовесов Аустралиядағы жарыстың финалынан тыс қалды

 Александр Недовесов Аустралиядағы жарыстың финалынан тыс қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рохан Бопанна – аустралиялық Мэттью Эбденмен кортта кездесті.

Үндістандық-аустралиялық жұп екі сетте де 6:4 есебімен басым түсті.

1 сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар 3 эйс қана жасай алды. Қарсыластарына 3 эйс, 2 брейк (3 брейк-пойнт) жеткілікті болды.

Айта кетсек, Александр Недовесов алдағы аптада басталатын Аустралия ашық чемпионатына қатысады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар