Теннис

Анна Данилина Хобарт турнирінің финалына шыға алмады

 Анна Данилина Хобарт турнирінің финалына шыға алмады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші украиналық Надежда Киченокпен бірге қытайлықтар Ханью Гуо – Синью Янь жұбына қарсы финалдық кезеңнің жолдамасын сарапқа салды.

Бірінші партияда қытайлық дуэт 4:2 есебімен алға шыққанымен, Анна мен Надежда таразы басын теңестіре алды. Бірақ Гуо – Янь қайта брейк жасады – 7:5.

Екінші сетте есеп 2:2 болған кезде матч кейінге қалдырылған болатын. Бүгін таңмен жалғасқан бәсекеде қытайлық жұп жеңіске жетті – 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде А.Данилина – Н.Киченок 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 6 брейк-пойнттың төртеуін құр жібермеді.

Данилина жұптық сында енді Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар