Футбол

Мессимен бірге. Неймар ПСЖ-дағы уақытын тозақ деп атады

Мессимен бірге. Неймар ПСЖ-дағы уақытын тозақ деп атады
Reuters

Бразилиялық шабуылшы Неймар жуырда берген сұхбатында "Пари Сен-Жерменде" өткізген уақытын тозаққа теңеп, "Барселонаны" сағынағын айтты.

Қазіргі таңда саудиялық "Әл-Хиләл" сапындағы Неймардың "Барселонадан" кеткеніне алты жылдай уақыт болды. Ол ПСЖ-ға өте үлкен ақшаға ауысқан. Алайда қазіргі уақытқа дейін каталондық клуб туралы қимастықпен айтады.

"Барселонаны" сағындым. Парижде өткен уақытым туралы көп ойландым. Лионель Мессимен бірге Парижде тозақтан өттік. Біз бұрынғы командамызды қатты сағындық", - дейді Неймар.

Басқа спорттық жаңалықтар