Футбол

"Барселона" Испания суперкубогі финалында "Реалмен" ойнайды

Opta

Футболдан Сауд Арабиясында өтіп жатқан Испания Суперкубогының финалына "Барселона" мен "Реал" клубтары шықты. Жанкүйерлер финалда "эль-класико" ойынын көреді.  Жартылай финалда каталондық клуб "Осасунаны" 2:0 есебімен ұтты. Эр-Риядтағы "Әл-Әббал Парк" алаңында өткен ойында Роберт Левандовский мен Ламин Ямаль гол соқты. 

Енді "Барселона" финалда "Реалмен" ойнайды. Бірер күн бұрын корльдік клуб "Атлетиконы" 5:3 есебімен ұтқан болатын. Финалдық кездесу 15 қаңтар күні өтеді. 

Өткен маусымда Испания Суперкубогын "Барселона" иеленген еді. Сауд Арабиясында алғашқы финалда олар басты қарсыласы "Реалды" ұтып кеткен болатын. 

Басқа спорттық жаңалықтар