Кәсіби бокс

"Қасапшы" атанып кеткен Темировтың келесі жекпе-жегі белгіленді

instagram.com/temiroov_

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Виктор Темировтің (4-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

"Қасапшы" лақап атты Темиров 20 қаңтар Германияның Дюссельдорф қаласындағы бокс кешіне қатысады. Әзірге қарсыласы белгісіз. Бұл қазақстандық боксшының карьерасындағы алғашқы 8 раундтық жекпе-жек болады.

Былтыр шілдеде өткен кейінгі айқасында Темиров төрешілер шешімімен угандалық Мизамиру Какандені жеңген болатын.

Алматыда дүниеге келген Темиров алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Одан кейінгі екі айқасында да қарсыластарын сұлатқан. Барлық төрт кездесуін де Германияда өткізген.

Басқа спорттық жаңалықтар