Бокс

Мырзағали Айтжанов Италиядағы лицензиялық турнирге кім баратынын нақты айтты

Мырзағали Айтжанов Италиядағы лицензиялық турнирге кім баратынын нақты айтты
Видеодан скрин

29 ақпан мен 12 наурыз аралығында Италияның Бусто-Арсицио аймағында бокстан лицензиялық турнир өтеді. Бұл жарыстың жартылай финалына өткен боксшылар Париж Олимпиадасын иеленеді. 

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бұл турнирге қай боксшылар баратынын ашық айтты.

"Олимпиадаға іріктеу турниріне елдегі соңғы Спартакиаданың жеңімпаздары қатысады. Алты боксшыны жарысқа қосамыз. Ал Азия ойындарында жолдама мәселесін шешіп қойған Қамшыбек Қоңқабаевты жаттығу жиынына жіберуді ойластырдық", - деді Айтжанов.

Ал Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов таңдау тек қана 63,5 келіде болатынын айтты.

"Бұл салмақта Ертуған Төренов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының біреуі баруы мүмкін", - деді ол.

Айта кетелік, бокстан Қазақстан командасының қоржынына Олимпиаданың бір жолдамасы бар. Оны ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев иленеген болатын. 

Басқа спорттық жаңалықтар