Хоккей

Хоккей федерациясы Қазақстан құрамасының жаңа эмблемасын паш етті

Хоккей федерациясы Қазақстан құрамасының жаңа эмблемасын паш етті
Сурет: ҚР ҰОК

Еліміздің хоккей федерациясы Қазақстан құрамасының жаңа эмблемасын паш етті.

ҚР ҰОК ақпараты бойынша, жаңа эмблема алтын бүркітті бейнелейтін хоккей таяқшасының құрамынан тұрады.

Элементтерінің қиылысында команданың ұлттық ерекшелігін анықтайтын шаңырақ пайда болады.

Бірыңғай эмблемада біріктірілген бүркіт, шаңырақ және хоккей таяқшасы ұлттық рухты көрсетеді.

Сурет: ҚР ҰОК

Басқа спорттық жаңалықтар