Теннис

Рыбакина бапукерімен неге қоштасқаны жайлы сұраққ ажауап берді

Рыбакина бапукерімен неге қоштасқаны жайлы сұраққ ажауап берді
WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзінің бапкері болған хорватиялық маман Стефано Вуковпен неге жаттықпайтынын айтып берді.

АҚШ ашық чемпионатында аустралиялық Дестани Айаваны жеңгеннен кейін баспасөз мәслихатында қазақстандық теннисші журналистер сұрағына жауап берді.

«Әрине, қазір бәрі басқаша. Біз онымен (Стефано Вуковпен) бірге 5 жыл жұмыс істедік. Бұл жолы мені Юрий Щукин қолдады. Біз тактика, бәрін талқылап, матчқа дайын болдық. US Open алдындағы маңызды шешім дейсіз бе? Мен бұл туралы көп айтқым келмейді. Қош айтысу туралы бұл – біздің шешіміміз. Менің бапкеріме байланысты жағдай өзгеретін болса, хабар беремін», - деді Рыбакина.

Басқа спорттық жаңалықтар