Теннис

Тимофей Скатов US Open турнирінің бірінші айналымында сүрінді

Тимофей Скатов US Open турнирінің бірінші айналымында сүрінді
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына өте алмады.

Скатов іріктеу сайыстарынан сәтті өткенімен, негізгі жарыста бірден әлемнің 7-ракеткасы Хуберт Хуркачқа тап келді.

Бірінші партияда польшалық теннисшісі 6:3 есебімен басымдылық танытты. Бұдан кейін матч тартысты өрбіп, қос сет те тай-брейкпен 27 жастағы тәжірибелі Хуркачтың пайдасына аяқталды – 7:6 (7:4), 7:6 (7:3).

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Скатов 3 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Хуркач 27 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Басқа спорттық жаңалықтар