Теннис

Путинцева Американың ашық біріншілігін жеңістен бастады

Путинцева Американың ашық біріншілігін жеңістен бастады
Instagram/yulia_putintseva

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (#32) Америка ашық біріншілігін (US Open) жеңіспен бастады.

Путинцева бірінші ойынында чех Линда Носковамен (#25) ойнады.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 7:6, 6:4 есебімен ұтты.

Екінші айналымда Юлия қытайлық Синьюй Ванмен (#40) кездеседі.

Ерлер арасында екінші айналымға Александр Шевченко ғана шықты. Тимофей Скатов пен Александр Бублик бірінші айналымда жарысты аяқтады.

Басқа спорттық жаңалықтар