Грек-рим күресі

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде бес жүлде иеленді

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде бес жүлде иеленді
wrestling.kz

Ресейдің Новосибирск қаласында грек-рим күресінен Аксенов мемориалы аяқталып, қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады Olympic.kz.

Турнир барысында екі қазақстандық балуан финалға шығып, бірі алтын, бірі күміс иеленді.

Атап айтар болсақ, 55 келідегі Аманғали Бекболатов күміске қол жеткізсе, Ғалым Қабдунасаров 60 келіде чемпион атанды.

Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі де 63 келі) турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. 72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.

Басқа спорттық жаңалықтар