Теннис

Юлия Путинцева Хобартта өтіп жатқан WTA турнирінде жеңіліп қалды

Юлия Путинцева Хобартта өтіп жатқан WTA турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды. Ол қытайлық теннисші Юань Юэмен кездесіп, 5:7, 6:7 (4:7) есебімен жол берді.

Екінші сетте Путинцева 4:1 есебімен жеңіп тұрған болатын. Алайда, қарсыласына бірнеше брейк жасауға мүмкіндік беріп, қолда тұрған жеңісінен айрылып қалды.

Матч 2 сағат 24 минутқа созылды.

Ойын барысында Юэ 6 рет эйс жасап, бір рет дабл-қате жіберді. Ал, Путинцева екі дабл-қате жіберген.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар