Теннис

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы челенджерді сәтті бастады

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы челенджерді сәтті бастады
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Чжанцзягандағы (Қытай) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.

Алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 509-орында тұрған словакиялық Лукаш Покорныдыұтты. Бірінші партияда Покорны 3:1 есебімен алға кеткенімен, Жұқаев есе қайтара білді – 7:5. Екінші сетті Бейбіт брейкпен бітірді – 7:5.

Бір сағат 44 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Покорны 6 эйс, 1 брейкті (5 брейк-пойнт) қанағат тұтты.

Енді Бейбіт Жұқаев ширек финалға өту үшін тайбэйлік Тун-Лин Вумен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар