Футбол

Дембо Дарбо «Ордабасы» сапынан кетті

Дембо Дарбо «Ордабасы» сапынан кетті
KazFootball.kz

Гамбиялық шабуылшы Дембо Дарбо «Ордабасыдан» сапынан кетті. 

Шымкенттік клуб еңбекақы тізімін ретке келтіру мақсатында Дарбомен келісімшартты бұзыпты.

Гамбиялық шабуылшы «Ордабасы» сапындағы 17 ойында төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оңтүстік ұжымға ол елордалық «Астанадан» ауысып келді. Өз мансабында Дарбо солигорскілік «Шахтер» мен Саудиялық «Әл-Наср» командасында доп тепті.

Дембо өз командасының «Ақтөбеге» қарсы кездесуінен шет қалды (1:1). Бас бапкердің қызметін уақытша атқарған Александр Кучма шабуылшыны тізімге енгізбеді.

26 жастағы Дарбо жақын аралықта әзербайжандық «Нефтчи» сапына ауысады деген ақпарат бар.

Басқа спорттық жаңалықтар