Еркін күрес

Қазақстандық балуан Дәулетбеков Хорватиядағы турнирдің күміс жүлдесін иеленді

Қазақстандық балуан Дәулетбеков Хорватиядағы турнирдің күміс жүлдесін иеленді
olympic.kz

Еркін күрестен Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дəулетбеков (86 кг) Хорватия астанасында басталған рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Азамат финалда Болгария атынан белдемсетін дағыстандық балуан Магомед Рамазановтан жеңілді - 5-8.

Айта кетейік, Дәулетбеков бұған дейін бірінші айналымда үндістандық Дипак Пунияны, одан кейін украиндық Валентин Бабийді, һширек финалда грузиялық Евсем Швелидзені, ал жартылай финалда Мэтью Файнсильверді жықты.

Бұл салмақтағы қола жүлделер Евсем Швелидзе мен Шэйн Марстеллерге (АҚШ) бұйырды.

Еске салайық, Азамат былтыр Сербиядағы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанып, Париж Олимпидасына жолдама жеңіп алғанын.


Басқа спорттық жаңалықтар