Футбол

Антуан Гризманн «Атлетико» тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Антуан Гризманн «Атлетико» тарихындағы үздік сұрмерген атанды
Marca.com

«Атлетиконың» франциялық шабуылшысы Антуан Гризманн мадридтік клуб тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Форвард Испания суперкубогінде «Реал» қақпасына гол салды. Бұл Гризманның «Атлетико» үшін 174-голы болды.

Осылайша, ол Луис Арагонестен асып түсті - 173 гол. Бұл рейтингте үшінші Адриан Эскудеро (169 гол).

Гризман карьерасында «Атлетико» үшін 371 матчке қатысты.

Басқа спорттық жаңалықтар