Футбол

«Лион» Бельгия жастар құрамасының шабуылшысын сапына қосты

«Лион» Бельгия жастар құрамасының шабуылшысын сапына қосты
Flitchatter twitter

Франциялық «Лион» клубы бельгиялық «Гент» шабуылшысы Малик Фофананы сапына қосты.

18 жастағы футболшымен келісімшарт 2028 жылға дейін есептелген. «Лион» форвардтың трансяері үшін «Гентке» 17 миллион еуро берді. 

Сонымен қоса, бельгиялық клуб бонус ретінде 5 миллион еуро алады және «Лион» ойыншыны басқа командаға сатса, оның 20 пайыз үлесі «Гентқа» тиесілі. 

Бельгия жастар құрамасының ойыншысы биылғы маусымда «Гент» үшін 31 матчте 4 гол салып, 6 ассист жасады.

Басқа спорттық жаңалықтар