ММА

Шавкат Рахмонов UFC-дің жыл номинациясында үздік атанды

Шавкат Рахмонов UFC-дің жыл номинациясында үздік атанды
instagram/@shavkatrakhmonov94

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жыл қорытындысы бойынша UFC номинацияларының бірінде жеңімпаз атанды.

Шавкаттың америкалық Джефф Нилді жеңгенде қолданған әдісі UFC Eurasia тұрымынша 2023 жылғы үздік сабмишені болды. Бұл жекпе-жек 4 наурыз UFC 285 турнирінде өткен болатын. Рахмонов қарсыласын үшінші раундта аяқта тіке тұрып тұншықтырды.

Номинациялардың толық нұсқасы келесідей:

Жыл файтері

Ислам Махачев

Жылдың үздік сабмишені

Шавкат Рахмонов - Джефф Нил

Жыл нокауты Ислам Махачев - Алекс Волкановски 2

Жылдың жарып шыққан файтері

Шон Стрикленд

Жылдың үздік жекпе-жегі

Ислам Махачев - Алекс Волкановски 1

Жыл дебюті Икрам Алиаскеров

Жыл апсеті

Шон Стрикленд - Исраэль Адесанья

Басқа спорттық жаңалықтар