Футбол

Англия құрамасын жаттықтырған бапкер көз жұмды

Англия құрамасын жаттықтырған бапкер көз жұмды
AFP

Футболдан Англия құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Свен-Йоран Эрикссон 76 жасында қайтыс болды. Ол өмірінің соңында ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауырған еді.

Свен-Йоран Эрикссон мансабының бір бөлігінде ұлттық құрамаларды жаттықтырды. Англия құрамасын жаттықтырған алғашқы шетелдік маман болды.

Ол карьерасында Мексика, Кот-д'Ивуар және Филиппин құрамаларын жаттықтырды. Клубтық деңгейде "Рома", "Лацио", "Фиорентина", "Сампдория", "Бенфика", "Манчестер Сити", "Лестер Сити" және "Шанхай Сипг" сынды клубтарды жаттықтырды. Сонымен бірге, бірнеше клубта спорттық директор қызметін атқарды.

Басқа спорттық жаңалықтар