Футбол
"Тобыл" төрт бірдей ойыншымен қоштасты
"Тобыл" ФК
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Қостанайдың "Тобыл" футбол командасы төрт бірдей ойыншымен қош айтысты.
"Қостанайдың «Тобылы» бірнеше футболшымен қоштасты. Келісім-шарттарының аяқталуына байланысты және тараптардың өзара келісімі бойынша командадан келесі ойыншылар кетті: Иван Коновалов, Боян Младович, Павел Забелин және Павел Киреенко. Команда құрамында ойнағандары үшін барлығына алғыс айтамыз және болашақ мансабында сәттілік тілейміз!" - делінген клуб хабарламасында.
Еске салайық, қостанайлықтар Анталияда (Түркия) жаңа маусымға дайындықты бастау үшін оқу-жаттығу жиынын өткізбек.