Еркін күрес

Қазақстандық балуан Zagreb Open турнирінің финалында белдеседі

Қазақстандық балуан Zagreb Open турнирінің финалында белдеседі
olympic.kz

Еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Хорватияда өтіп жатқан Zagreb Open рейтингтік турнирінің финалына жетті. 

86 келіде белдесетін қазақстандық балуанның шешуші кездесудегі қарсыласы болгариялық Магомед Рамазанов болады. Бұл белдесу бүгін, 11 қаңтарда өтеді. 

Айта кетейік, Дәулетбеков бұған дейін бірінші айналымда үндістандық Дипак Пунияны, одан кейін украиндық Валентин Бабийді,  һширек финалда грузиялық Евсем Швелидзені, ал жартылай финалда Мэтью Файнсильверді жықты. 

Еске салайық, Азамат былтыр Сербиядағы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанып, Париж Олимпидасына жолдама жеңіп алғанын. 

Басқа спорттық жаңалықтар