Теннис
Елена Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады
Аустралияның Аделаида қаласында басталған теннис турнирін қазақстандық Елена Рыбакина жеңіспен бастады. 1/8 финалда ол испан қызы Кристина Букшуды жеңді.
Бірінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:3 есебімен оңай жеңсе, екінші сетте жеңіліп тұрып, камбек жасады, есеп – 7:5.
Екінші айналымда жерлесіміз ресейліктер Екатерина Александрова мен Вероника Кудурметова жұбының жеңгенімен ойнайды.
Дереккөз: 1bol.kz