Футбол

40 жастағы Куарежма қазақстандық Зайнутдиновпен бірге ойнауы мүмкін

40 жастағы Куарежма қазақстандық Зайнутдиновпен бірге ойнауы мүмкін
РИА Новости

Португалия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рикарду Куарежма түркиялық «Бешикташ» сапына оралуы мүмкін.

O Jogo мәліметінше, ыстамбұлдық клубқа Фернанду Сантуш бас бапкер болып келгеннен кейін 40 жастағы футболшымен келіссөз басталған.
 Куарежма карьерасын 2023 жылы аяқтаған, алайда Сантуш футболшыны клубқа оралуға көндіре алады деген ойда. Маман мен футболшы Португалия құрамасынан жақсы таныс.

Куарежма «Бешикташ» сапында 2010 - 2013 және 2015 - 2019 жылдар аралығы өнер көрсетті. 

Айта кетейік, «Бешикташ» сапында былтырдан бастап Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетіп келеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар