Футбол

ПСЖ басшысы Мбаппеге қатысты шешімін айтты

ПСЖ басшысы Мбаппеге қатысты шешімін айтты
Reuters

"Пари Сен-Жермен" футбол клубының президенті Нассер Әл-Хелаифи шабуылшы Килиан Мбаппені командада алып қалғысы келетінін мәлімдеді.

"Мен Килиан қалғанын қалаймын. Ол әлемдегі ең мықты ойыншы, ал Килиан үшін ең жақсы клуб - ол ПСЖ", - дейді клуб басшысы.

Сонымен бірге, ол футболшыға қатысты шығып кеткен қаңқу сөзді доғаруды сұрады. 

Килианды жөніне қалдыруды сұраймын. Мен оған сенімдімін. Ол ешқашан клубқа қарсы амал істемейді. Оны жөніне қалдырыңдар, біз бір отбасындаймыз. Мен ойыншымды қорғап қалғым келеді. Командада әрбір футболшы маңызды, олар өте сезімтал адамдар, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарын жағдайды ушықтыра бермеуін сұраймын", - деп береді Әл-Хелаифидің сөзін RMC Sport.

Басқа спорттық жаңалықтар