Хоккей

Нидерландыдағы ӘЧ-ге қатысатын қазақстандық бойжеткендер іріктелді

Нидерландыдағы ӘЧ-ге қатысатын қазақстандық бойжеткендер іріктелді
Сурет: ҚХЛ

Нидерландының Херенвен қаласында бойжеткендер арасында ІІА дивизионындағы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. 

15 және 21 қаңтар аралығы өтетін турнир аясында Қазақстан құрамасының қарсыластары - Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Латвия және Нидерланды командалары болады. 

Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне қатыстаны құрамды іріктеді.

Мария Федоренконың жетекшілігімен ӘЧ-ге атаннатын құрам келесідей:

Қақпашылар:

Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз», Алматы)

Қорғаушылар:

Эвелина Емцева, Вероника Халикова (екеуі де – «Жұлдыз», Алматы), Медина Кішекеева («Ақтөбе-2008»/«Жұлдыз»), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо»).

Шабуылшылар:

Малика Жүнісова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Анна Климова, Рената Лившиц (екеуі де – «Юность-Грация, Қарағанды).

Басқа спорттық жаңалықтар