Шаңғы Спорты

Канвон-2024: Тау шаңғысынан сынға түсетін спортшылар Олимпиадаға дайындалуда

Канвон-2024: Тау шаңғысынан сынға түсетін спортшылар Олимпиадаға дайындалуда

Кавнонда өтетін жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына қатысатын спортшылар қатарында тау шаңғысының да өкілдері бар. Бүгінде олар жаттығу жиынында.

Жасөспірімдер Олимпиадасында тау шаңғысынан Қазақстан намысын Александра Скороходова мен Ростислов Хохлов қорғайды.

Команда бапкері Марк Шпарбергтің айтуынша, қазіргі таңда спортшылар Италияда жаттығып жатыр.

"Олимпиадаға қатысатын спортшыларды үздік нәтижелері бойынша таңдадық. Бүгінде олар қызу дайындық үстінде", - деді жаттықтырушы.

Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар күні басталады.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар