ХК "Барыс"

"Барыс" хоккейшісі Әлихан Әсетов ҚХЛ-да 250 матч өткізді

Елордалық "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Әлихан Әсетов Құрлықтық хоккей лигасындағы 250-матчын өткізді.

Елордалық клубтың "Салават Юлаевқа" қарсы кездесуі Әлихан Әсетов үшін мерейтойлы матч болды. Ол Құрлықтық хоккей лигасы аясында 250-рет мұзайдынға шықты. Осы уақыт ішінде Әсетов 37 (18+19) ұпай жинап, қарсыластарының 71 соққысын тоқтатып, 237 күш техникасын қолданды.

27 жастағы хоккейші "Барыс" сапына 2013 жылы қосылған. Ол 2017 жылы Қазақстан чемпионы атанды және сол жылы Универсиада ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Әсетовтен бөлек Рудольф Червени де 200-матчын өткізді. Оның 39 кездесуін чех шабуылшысы "Барыс" сапында ойнады. Рудольфтің активінде 66 (35+31) ұпай бар.


Дереккөз: hcbarys.kz

Басқа спорттық жаңалықтар