Александр Бублик жаңа жылдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирін жеңіспен бастады.
Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жаңа жылдағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған аустралиялық Джеймс Маккейбпен өткізді.
Бірінші партияда А.Бублик айқын басымдылық танытты – 6:2.
Екінші сетте де осы қарқынынан танған жоқ – 6:3.
Бір сағат 16 минутқа созылған матч барысында Бублик 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды. Маккейб 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванс немесе рейтингіде 70-сатыдағы аустралиялық Ринки Хиджикатаның біреуімен таласады.
Дереккөз: kaz.inform