Футбол

Астаналық "Жеңіс" грузиялық ойыншымен қош айтысты

Астаналық
"Жеңіс" ФК

Бірініш лигада өнер көрсететін астаналық "Жеңіс" футбол клубынан грузиялық шабуылшы Тамаз Макацария кетті. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Тамаз Макацария келісімшартының аяқталуына байланысты "Жеңістен" кетті. Тамаз біздің командаға 2023 жылғы маусымның ортасында қосылды. Барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Біз Тамазға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабында табыс тілейміз», - делінген клуб хабарламасында.


Басқа спорттық жаңалықтар