Футбол

"Торинодан" ұтылғаннан кейін "Наполи" бүкіл команданы қонақүйде жауып тастады

Sports.ru

Италиялық "Наполи" клубының басшылығы А сериясы 20-турындағы "Салернитанаға" қарсы матчке дейін бүкіл команданы қонақүйде жауып тастауды ұйғарды, деп жазады La Gazzetta dello Sport.

Мұндай шешім "Торинодан" ұтылғаннан (0:3) кейін кейін қабылданды. Ал дайындықтың басым бөлігін команда жабық түрде өткізеді. Айта кетейік, неапольдік команда "Торинодан" соңғы рет 2015 жылы ұтылған екен. 

19 турдан кейін 28 ұпай жинаған "Наполи" турнир кестесінде тоғызыншы келеді. Ал "Салернитанамен" матч 13 қаңтарда өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар