Кәсіби бокс

Екі салмақта чемпион болған боксшы Канелоның басты проблемасын атады

Екі салмақта чемпион болған боксшы Канелоның басты проблемасын атады
boxingscene.com

Екі салмақта әлем чемпион болған және карьерасын 2017 жылы жеңілмеген күйі аяқтаған америкалық Андре Уорд 32-0 (16 КО) екінші орта дивизионда абсолют чемпион Сауль Канело Альварестің (60-2-2, 39 КО) басты проблемасын атады. 

"Канело бокс үшін көп еңбек сіңірді. Артында үлкен ел тұр, ол шынымен жақсы боксшы. Альварестің жалғыз проблемасы - ол құны жоғары болғандықтан кез келген боксшымен жекпе-жекті өткізе алады. Сәйкесінше, оның элитадағы боксшыны таңдап, дәрежесін қатерге тігуге ынтасы жоқ. Ол мықты боксшылармен жекпе-жектерде бір ізді болған жоқ, сондықтан оның өзі қаншалықты мықты екенін білмеймін. Белгілі бір деңгейде боксшы жақсы жұдырықтасатынын көруге болады, алайда ол қаншалықты мықты? Міне осындай боксшылардың ең мықты жақтарын аша алатын екі немесе үш қарсылас қана болады. Осы кезде оны басқа деңгейде ме, соны көре алатын едік. Міне Канелоға қатысты мені алаңдататын жалғыз мәселе осы", - деп береді Уордтың сөзін ProBox TV.

Басқа спорттық жаңалықтар