Теннис

Қазақстандық теннисші Попко ATP Challenger Tour турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Попко ATP Challenger Tour турнирінің негізгі кезеңіне өтті
Фото: Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Буэнос-Айрестегі (Аргентина) ATP Challenger Tour турнирінің іріктеу сайыстарынан сәтті өтті.

Попко алдымен аргентиналық Алексис Гурмендиді 6:4, 6:7 (1:7), 6:3 есебімен ұтты. Ал іріктеу финалында өзге аргентиналық Леонардо Абояннан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Осылай ол 9 бен 14 қаңтар аралығы өтетін негізгі жарысқа жолдама алды. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы кейін анықталады.

Басқа спорттық жаңалықтар