Теннис
Данилина жұптық сында Монтеррейдегі турнирдің жартылай финалына жетті
ҚТФ
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Монтеррейдегі (Мексика) WTA 500 турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева ширек финалда грузиялық Оксана Калашникова және польшалық Катажина Питерді 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Бір сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.
Анна Данилина – Ирина Хромачева финалға шығу үшін турнирдің 1-ракеткалары, мексикалық Джулиана Олмос – ресейлік Александра Пановамен ойнайды.