Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары

Жасөспірімдер Олимпиадасына көк туды алып шығатын спортшылар белгілі

Жасөспірімдер Олимпиадасына көк туды алып шығатын спортшылар белгілі
olympic.kz

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиадада Қазақстан туын алып шығатын жас спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті. 

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары алып шығады екен.

«Ұлттар шеруі» кезінде Қазақстан туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.

«Бұл мен үшін керемет қобалжитын сәт. Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсету – абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік. Мен мұз айдынында бар күшімді саламын деп уәде беремін. Әрқайсымыз Олимпиада жүлдесін алуды армандаймыз және бұл ойындар – бұл мақсатқа жетуге мүмкіндік», - деп бөлісті Кристина Шумекова.


«Мен үшін Канвонда еліміздің ұлттық құрамасының туын алып шығу - үлкен жауапкершілік. Біздің команда алдағы жарыстарға дайын, мен Қазақстанды лайықты түрде көрсете алатынымызға сенімдімін. Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу – біздің әрқайсымыз үшін маңызды тәжірибе, кәсіби өсуіміздің бір бөлігі», - деді спортшы.

Айта кетейік, Канвон-2024 жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары 19 қаңтарда ашылады және 1 ақпанға дейін Пхенчхан 2018 қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар