Теннис

Александр Бублик әлемдік рейтингіде ТОП-30-ға жақындады

 Александр Бублик әлемдік рейтингіде ТОП-30-ға жақындады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-ден 31-ге көтеріліп, үздік 30 теннисшінің қатарына енуге жақын қалды. Өткен жылы қазақстандық теннисші 25-орынға дейін көтерілген болатын.

Бублик бүгін басталған Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің 8-ракеткасы болып тіркелген. Оның жаңа жылдағы алғашқы қарсыласы іріктеу сайыстарынан өткен теннисшілердің бірі болмақ.

Денис Евсеев 190-нан 184-ке табан тіреп, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды. Бейбіт Жұқаев 188-орынға тұрақтаса, Тимофей Скатов 222-ден 228-ге төмен сырғыды.

Бұл үш ойыншы Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайыстарында 9 қаңтардан бастап бақ сынайды.

Жұптық сын рейтінгісінде Александр Недовесов 45-тен 46-ға, Андрей Голубев 61-ден 62-ге сырғыды.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар