Бокс

Олимпиада чемпионы Батырғазиев бұрын жеңілмеген қарсыласын нокаутқа түсірді

Жеңіл салмақта Олимпиада чемпионы, ұлты ноғай ресейлік боксшы Альберт Батырғазиев (10-0) кәсіпқойдағы кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды allboxing.ru. 


Ресейдің Перьм қаласында өткен Ural FC 19 турниріндегі айқаста Батырғазиевтің қарсыласы бұрын жеңіліп көрмеген венесуэлалық Эндер Луцес (20-1) болды. Олимпиада чемпионы қарсыласын алдымен төртінші раундта есеңгіретті, ал бесіншісінде Луцес жекпе-жекті жалғастыра алмайтын хәлге жетті. 



Басқа спорттық жаңалықтар