Түркия Суперлигасы

Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташқа» бас бапкер тағайындалды

 Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташқа» бас бапкер тағайындалды

Португалиялық маман Фернанду Сантуш «Бешикташ» клубының бас бапкері атанды.

Сантуш бұл қызметте жергілікті Рыза Чалымбайдың орнын басты. Түркиялық жаттықтырушы желтоқсан айында отставкаға кеткен болатын.

Португалиялық Фернанду Сантуш команданың бас бапкері болып тағайындалды. Ұжымға қош келдіңіз! – делінген клуб таратқан мәліметте.

Сантуш баптаған Португалия құрамасы 2016 жылы тұңғыш рет Еуропа чемпионы атанған. Финалда олар Франциядан басым түсті.

2023 жылғы қыркүйекке дейін Сантуш Польша құрамасын баптаған. Айта кетейік, «Бешикташта» жаздан бері қазақстандық Бактиер Зайнутдинов ойнайды.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар