Футбол

Роналду «Миллиардерлер Аралынан» үй сатып алды

 Роналду «Миллиардерлер Аралынан» үй сатып алды

«Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Дубайдағы Джумейра Бэй аралынан үй сатып алды.

Bloomberg Linea мәліметінше, үй әлі қолданысқа берілмеген, дегенмен футболшы кілтін биыл алады деген болжам бар. Ал зәулім ғимараттың көлемі 30 мың шаршы метрді құрайды екен.

Онда алты жатын бөлме, 6 көлік тұрағы, спа-салон және жағажайға шығатын арнайы жол бар. Тіпті аумақта қызметкерлерге арналған жеке үй де орналасқан.

БАҚ өкілдері жылжымайтын мүлік құны ондаған миллион доллар тұратынына сенімді.

Джумейра Бэйді «Миллиардерлер Аралы» деп атайды. Себебі ол жердегі үйлер әлемнің ең қалталы адамдарына тиесілі.

Айта кетейік, 38 жастағы португалиялық 2022 жылғы желтоқсаннан бері «Әл-Наср» клубында өнер көрсетеді.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар