ММА

UFC чемпионы Ислам Махачев қазақ менеджердің файтерімен айқасуы мүмкін

UFC чемпионы Ислам Махачев қазақ менеджердің файтерімен айқасуы мүмкін
UFC Russia

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Ислам Махачев UFC 300 турнирінде өтетін Чарльз Оливейра - Арман Царукян жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасады.  Бұл туралы промоушен басшысы Дана Уайт әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Бұған дейін UFC президенті Оливейра мен Царукян арасындағы кездесу туралы құлақтандырған. Сонымен бірге, Уайт осы жекпе-жек жеңімпазы мен Махачев арасындағы кездесу биыл жазға жоспарланып отырғанын да атап өтті.

Айта кетейік, ресейлік Арман Царукяннің ісін қазақстандық менедежер Саят Әбдірахманов жүргізеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар