Теннис

Данилина жұптық сында Монтеррейдегі турнирдің ширек финалына өтті

Данилина жұптық сында Монтеррейдегі турнирдің ширек финалына өтті
Global Look Press

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші (әлемде 49-шы) ракеткасы Анна Данилина Монтеррейдегі (Мексика) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті.

1/8 финалда Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева франциялық Амандин Эсс пен мексикалық Виктория Родригес дуэтімен ойнады. 56 минут қана өткен матчте Анн амен Ирина қарсыластарын 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Данилина – Хромачева 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Эсс – Родригес 1 брейктен аса алмады.

Енді Анна Данилина мен Ирина Хромачеваның ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Басқа спорттық жаңалықтар