Футбол

Астаналық "Жеңіс" екі бірдей қорғаушымен қоштасты

Астаналық
"Жеңіс" ФК

Бірініш лигада өнер көрмсететін астаналық «Жеңіс» футбол клубы келісімшарттың аяқталуына байланысты екі ойыншымен қоштасты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Командадан 26 жастағы Рустам Темирхан мен 34 жастағы грузиялық Лаша Касрадзе кетті. Екі футболшы да қорғаушы позициясында ойнайды. 

Рустам «Жеңіске» 2023 жылғы маусымның басында ауысып, барлық турнирдегі 25 матчте 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Лаша астаналықтар сапына 2023 жылғы маусымның ортасында қосылып, 14 ойында 1 ассист жасады.

Басқа спорттық жаңалықтар