Футзал

Футзалдан Қазақстан командасы ӘЧ алдында бірнеше жолдастық матч өткізеді

Футзалдан Қазақстан командасы ӘЧ алдында бірнеше жолдастық матч өткізеді
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы 22 және 24 тамыз күндері Тәжікстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Бұл әлем чемпионаты алдындағы жолдастық матч. 

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталды. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасты. Енді құрама 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Екінші оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22-24 тамыз күндері екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді. Одан кейін Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйекке белгіленген.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойнайды. Оқу-жаттығу жиынына 21 футболшы шақырту алған. Нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Айта кетсек, биыл әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді. Қазақстан құрамасы биылғы әлем біріншілігін Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен бір топта бастайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар