Грек-рим күресі

Қазақстандық жас балуандар ӘЧ-де екі жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жас балуандар ӘЧ-де екі жүлде жеңіп алды
Olympic.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына екі күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді. 

Сондай-ақ, 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр. Ал 48 келіде қола медальға таласқан Едіге Төлеутаев 1:3 әзербйжандық Амрах Амраховтан ұтылды.

Басқа спорттық жаңалықтар