2024 Париж Олимпиадасы

Париждегі паралимпиадаға Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі

Париждегі паралимпиадаға Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі
«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Франция астанасы Париж қаласында өтетін Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу кешінде Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды.

Паралимпиада ойындарында ел туын волейболды отырып ойнаушы Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуші Севда Алиева ұстап шығатын болды.

Қазақстандық пара спортшылар Олимпиада ойындарына осымен сегізінші мәрте қатысқалы отыр. 1996 жылдан бері отандастарымыз жазғы Паралимпиадада 7 медаль (2 алтын, 4 күміс және 1 қола) жеңіп алған.

Алдағы Париж Паралимпиадасына Қазақстан 33 лицензия жеңіп алды. Спорттың 9 түрінен (пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдо) 44 спортшы қатысады. 

Басқа спорттық жаңалықтар