ММА

Жанкүйерлердің сынынан кейін Қуат Хамитов жекпе-жек өткізетін болды

Жанкүйерлердің сынынан кейін Қуат Хамитов жекпе-жек өткізетін болды

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов (25-7-2) кезекті рет октагонға шығатынын мәлімдеді.

«Келесі жекпе-жекке дайындықты бастадым. Уақыты белгілі, қарсылас та анықталды. Тек ресми анонсты күтеміз», - деп жазды ол өзінің Instagram-парақшасында.

35 жастағы Хамитов соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың мамыр айында Hardcore MMA 62 турнирінде өткізіп, ресейлік Залимхан Юсуповты жеңген болатын.

Еске салайық, жуырда ғана отандық футболшыларды келеке еткен Қуат Хамитовтің өзін жанкүйерлер ауыр сынап тастаған болатын.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар