Үстел теннис

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматы қаласында 9-15 қаңтар аралығында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өткізіледі.

Дүбірлі додада спортшылар жекелей және командалық есепте сынға түседі.

Оған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық өңірінен теннисшілер келеді.

Жарыс қорытындысымен ұлттық құрама жасақталады.

Олар 16-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Елімізде үстел теннисінен Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко секілді спортшылар әлемдік жарыстарда бақ сынап келеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар