Теннис

Путинцева АҚШ-тағы турнир финалынан кейін топ-100 тізімге кірді

Путинцева АҚШ-тағы турнир финалынан кейін топ-100 тізімге кірді
WTA

Өткен аптада жұптық сында Цинциннатидегі (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің финалына дейін жеткен Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде 94-орынға көтерілді.

Бұрын 293-орында тұрған қазақстандық теннисші бірден 199 сатыға жоғарылап, қазір топ-100 тізімде. Ал жекелей сында да Путинцева 34-тен 31-ге көтеріліп, ТОП-30-ға қайта жақындады.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 48-ден 49-ға төмендеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орынын сақтап қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар