Дзюдо

Дзюдодан Олимпиада жүлдегерлеріне тағы да көлік сыйлады

Дзюдодан Олимпиада жүлдегерлеріне тағы да көлік сыйлады
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеңес Рақышев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады.

Бұл туралы Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Кеңес Хамитұлы батырларымыз Елдос пен Ғұсманға берген уәдесін орындап, темір тұлпар мінгізді. Алла сізге разы болсын Кеңес мырза", - деп жазды ол желідегі парақшасында. Осылайша Олимпиада жүлдегерлерлерінің қанжығасына тағы бір темір тұлпар қосылды.

Басқа спорттық жаңалықтар